Әдемі, алға шығыңқы сұлу омырау. ~ Ұзын бойлы, аршын төсті ақсұр жігіт шекпенінің бір жеңін беліне қыстырып, жерден шөп жұлып алып, алақанын үйкеп жіберді де, ақпандағы бураша шабынып шыға келді. Ж.Айм. ~ … сол кездегі ең сәнді көйлектің үшкілдей ойылған омырауынан жарқырай көрінген аршын төс, ақсары жұқа өңіндегі қиылған қара қас пен үлбіреген гүл ерін … Г.Сей. ~ Алғашқы аршын төс, үзіліп піскен жүзімдей мөлдіреген келіншегі кешегі аласапыран, тәркілеу жылдары қызыл жағалыға ілесіп қашып кеткен. Д.Дос. ~ Желбіршекті ұзын ақ көйлек пен қысқа қызыл камзолдың кеуде тұсын керіп, онсыз да ажарлы аршын төсті онан сайын жұтындырған егіз анар әсемдігін суреттеуге тіл жетер ме! С.Дос. ~ Менің мынау қазан басым, толық денем, аршын төсім, үстіме құйып қойғандай жарасып тұрған костюм – шалбарым оның көзіне де бөлек көрінген болса керек. Ж.Сәм.
~ Шынайы құсбегілерінің айтуынша: «Сартұмсық тұқым
