Posted in

АРШЫҒАН ЖҰМЫРТҚАДАЙ

Кіршіксіз ақ; аппақ, балғын. ~ «Оңаша үйге қамалған әйелдер қандай екен?» – деп сығалап жүргенде, бір жас өспірім қыз көзіне ерекше шалынады: биік, талдырмаш бойлы, аршыған жұмыртқадай аппақ өңді, үлкен қара көзді, ортасы көтеріңкілеу қыр мұрынды … С.Мұқ. ~ … ақ беті таза қолмен аршыған жұмыртқадай кіршіксіз, жасы он сегізге келген талдырмаш қыз мені қоршап тұрған өзге қыздардың арасын қақ жарып етіп, қасыма жақындай берді. Ә.Нұрш. ~ Қыз: сұңғақ бойлы, талдырмаш, қанаттанып жетпеген қаздың балапанындай сары шашты, кескіні аршыған жұмыртқадай аппақ; көзі тұнық, қара; қылдырықтай қиылған қасы бар, садақтың оғындай тізіліп қайқайған ұзын кірпігі бар. С.Мұқ. ~ Қараңызшы: қасын қараңызшы, бестен туған айдай имиіп, жіп-жіңішке боп қиылуын. Көзін қарашы, көзі ақ ботаның мөлдіреген көзіндей тұнып, сиқырлап отты жағуын. Беті де аппақ, аршыған жұмыртқадай. Ғ.Сл. ~ Мектепке барған ұлы, аршы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *