Posted in

АРЫНА ДАҚ (КІР) ЖАҒЫЛДЫ (КЕЛТІРДІ)

Абыройынан айрылды, ұяттан кетті. ~ …Ақбілек ақ әскерлерінен, “қара мұрттан” қашып құтылғанымен, жүрегін жаншыған жарадан, арына жағылған дақтан арыла алмаған. Аулына аман– есен оралғанымен, көзге шыққан сүйелдей сорлы бейбақ ел түрткісіне айналған. Ж.Айм. Жолдыбайдың өзі ұнатқан қыз баланың басы жақсы болған соң, кет ары болмаған еді. Оның бер жағында он екіде бір гүлі ашылмаған Қымбатты өсекке қалдырып, арына дақ келтірген де Жолдыбайдың өзі. “Ақылды тентек” аталып жүріп, “содыр тентек” атанған жері бар. Т.Рыс. ~ Әдебиет үшін болса армандары болмас еді ғой. Алла адастырғанда пендешілікпен алысқандары арына кір келтірді. Ж.Шәк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *