Намысына тиді, ұятқа қалдырды, қорлады. ~ Күйеуінің өз үстемділігіне берік сенген өктем үнімен “Осымен бәрі
бітсін”,- дегендей есіктің сарт ете түсуі Мәликенің арына тиіп, ызасын ду көтерді. Д.Ис. ~ “Тақсыр, айыбым
болсын, қыл мойнымды талша кесіңіз, әлгілер сіздің адал досыңыз Алдарды жаман сөздермен балағаттап, арына тиер ауыр
сөздерді қайта-қайта айқайлап айта берген соң, екеуінің де басын кесіп тастадым”. П.Дүйс. ~ Келіншек әңгіме арасында
қызарақтап, ұялшақтап, жүзін төмен сала берді. Тағдыр қосқан жарының қылығы өз арына тиіп, бетіне басылғандай. К.Жүн.
