Posted in

АРЫН АРЛАДЫ

Абыройын қорғады, намысын жыртты. ~ Ол кездегі болыс Құрман Есімбектің туған құдасы. Есімбектің жесірі кетсе, «қыпшақпын»деп қанға тарту жоқ— Құрман жаппастың, арын арлап тұрған. Б.Май. ~ «Уа, сен менің жоқшым, жарылқаушым ба ең? Белқұлы Қуан арын арлап шалыққандай тантығаны несі? М.Сүн. ~ Шыр еткенде маңдайына бiткен бiр үйiр жылқысы мен жүз қаралы қойы бар бұл кiмнiң арын арлап, кiмнiн жоғын жоқтады? Б.Алд. ~ Сондықтан ол Қаражігіттің сөзін құптап: «Алдыңнан жарылқасын! Ағаңның арын арлап, руыңның туын жықпаймын десең, қолыңды қақпаймын. Барып, Бегейде кеткен кегімізді қайтар!» — деп батасын берген. Ү.Жлк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *