Сұсты, қаһарлы. ~ Тірі екенін теңіздің өзі айтып жатыр емес пе, тыңдаңызшы… анау арыстандай айбатты толқындар әкемнің ашуы ғой; күндіз соншалықты тыныш жатты, ол – анашымның мейірімі. О.Бөк. ~ Бала шіркін адамды қандай күйге түсірмейді, арыстандай айбарлы да етеді, дәнеңе қолдан келмейтін дәрменсіз де қылады. К.Қаз. ~ Ол іштей бізді тезірек кетіп қалса екен деп тұрды. Кешегі арыстандай айбарлы жігіт бүгінгі мүсәпір кейпін бізге көрсеткісі келмеген сияқты. Қ.Ысқ.
