Арын ешкімге таптатпайтын, намысты қолдан бермейтін, жаужүрек, ер мінезді д.м. ~ Белдескенін белден басып, алысқанын атып ұрып бет қаратпай өткен арыстан кеуде Қажымұқанның жүрегін, жан сезімің мәдениетті деген Европа елдері де түсіне алмапты. Р.Нияз. ~ Қарыз-Серіктен алған ақшаға қаладан талтақ мүйіз, қызыл көз, арыстан кеуде, әукесі жер сызған, алқызыл кілем түкті көлбауыр бұқа мен Ресей қойының тұқымы, тағы мүйіз дыр қошқар сатып алып келді. Х.Ес. ~ Алдарынан шыққан арыстан кеуде азаматты Жақан Жайырбаев деп таныстырды. Ж.Шәк. ~ Құрттыбастың тауындай Тұрған батыр бейнелі, Ызғары қыстың аязы Аш арыстан кеуделі. Келіп қалған Бұқайды, Шыбын құрлы көрмеді. Ж.Жаб.
