Posted in

АРҚАСЫН ЖАУЫР ЕТТІ (ҚЫЛДЫ)

1.Бір нәрсенің сәнін кетірді, бүлдірді. ~ Немесе, мына жерін былай айт деп өзі түзеп, тіпті болмаса, «әннің аузын жалақ, арқасын жауыр етпеші, әлі мұның үлкен сынға түсетін кездері болады» деп айтқызбай қоятын. С.Жүн.
2. Беталды көп шапқылады. ~ “Сайлау өтеді” дегенді желеу етіп нешеме атқамінер ат арқасын жауыр етті, қаншама қағаз жазылып, ойға, қырға жөнелтілді. Ол жағын айырып, біліп жатқан біздер жоқ. Д.Дос. ~ Өзі мініп жүрген боз жорғаны күйеу баласына беріп жібергенінде де мән бар: былтыр көктемде келген уәкіл Сембек жаздай лауға мініп, арқасын жауыр қылған-ды. Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *