Posted in

АРҚАСЫН ТОСТЫ

1.Озбырлыққа мойын ұсынды, көндікті. ~ Міне! Орыстың малайлары неге үнін шығармайды, таяққа арқасын тосып жүре береді, өз байларын атпайды? Ә? Қазақ малайынан олар әлде қайда ақылды емес пе? Ж.Айм. ~ Ондағы ойы — халық әлі де болса асаулық танытып, мінез көрсете ме, жоқ әлде қара тұяқтан хал кетіп болдырған жылқыдай, кессең — міне, басым деп, арқасын тосып тұра бере ме, соны сынап көрмек еді. Қ.Жұм.
2. Қиындыққа жасымай, төтеп берді. ~ Нар көтерген ауырға Арқасын тоссын жасымай! Ж.Жаб. ~ Жетекке жүрмейтін ағайынды ел қылам дейсіз. Қияметте ақыл қоса алмайтын, қиянатта арқасын тоса алмайтын масылдың несі ағайын, жаттан несі кем? Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *