Posted in

АРҚАСЫ КЕҢІДІ

Өзін еркінірек сезінуге мүмкіндік туды, көңілі жайланды. ~ Сұлуды Алтай сүйіп, деді: «Қалқам! Оңаша кездесіп бір кеңіді арқам. Сонда да күйеу келед деген сөзден, Жүрегім күні бойы болды талқан. С.Мұқ. ~ Жұрт арқасының кеңитін тұсы – мамырдан басталған сары жаз. Т.Әл. ~ Зигфрид атқа үйренгеннен бастап Ахаңның арқасы кеңіді. Таңертең ұлын атқа мінгізіп жібереді де, рахаттанып отырып, шайын ішеді. М.Мағ. ~ … қасқырлардың ортасына түскен қызыл түлкідей қайда тығыларын білмей ыңғайсызданды да, ән басталғанда ғана арқасы кеңиін деді. С.Жүн. ~ Тауларым да тұрады қалқан болып, Соны көріп қалады арқам кеңіп. Өлі ұйқыдан осылай оянамын, Оянамын, көңілім талқан болып. М.Мақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *