Әлдебір жамандыққа, таяқ жеуге көрінді. ~ Саймаранға тиген соққы өздеріне тиетінін сезгендей, Қаблан мен Қаратай қамшы тиместен ыршып жатыр. Арқасы қышып жатқан болар дегендей Мәди анда-санда оларға да қамшының ұшын садақша атып тұр. Ә.Әб. ~ Жирен қасқаның дауысын естісе ақырда тұрған аттың арқасы қышитын еді, керік ұстаған шал біткен қырғын боп шуласып, айғыр емес, ауылға аю алып келдің деп қарғысының аяғын Веттехниктің адресіне бағыштайтын болған. Қ.Ысқ.
