Әлсіздік танытты, жүні жығылды. ~ Бар қайратын жиып өзін қайрап ұстаған Уәли енді арқауы босап окоптан басын көтергісі келмеді. Т.Ахт. ~ Сары бала әжесін алдаудың тәсілін біледі. Жүгіріп кеп мойнынан құшақтады. Бибі апаның арқауы босап кетті. С.Елу. ~ Алдындағы адамның арқауы босап, жүні жығылып, ішкі тіреуі сынып, желді күнгі қамыстай майысып тұруы өзінің беделін асырып, қасиетін көбейтіп, қайратын еселеп, аруақтандырғандай жігерлендіре түсетін. С.См. ~ Арқауы босап отырғанда адамға сөз біткеннің қандайы да сүйеу бола алмайтынын Байтаңат шал жақсы ұғушы еді. Ғ.Сл.
