Әлдебір жағдайды сүйеніш етіп, бел қылды, пайдасына жаратпақ болды. ~ Белдесуге күш керек, теңдесуге жол керек. Бүгінге шейін “пәлен миллион жұртымыз” дегеннен басқа арқамызға таңып, бел қылатын күш жоқ еді. Ж.Айм. ~ Сен… сенің істеп отырғаның қастандық! Жаулық! Сен… сен науқанды арқаға таңып, кедей-кембағалдың қанын соруға кірістің! Орташаны құлақ қылып жатсың! С.Ел. ~ Ауылнай, болыстардың көзіне өлім елестеді. Соның бірі — Алданазар еді. Бірақ бұл ағайын ішінде белділінің бір тұқымнан өрбіген шаңырағының көптігін арқаға таңу ғып, көпшіліктің көзінде именбейтін адамның түрін көрсетті. Б.Май.
