Арқа сүйер тірек, қолдаушы. ~ «Бәріміздің де сүйенеріміз, арқа күзеуіміз – осы Жебекем, біле білсеңдер”. Ж.Алт. ~ Тегінде, қазақтың солдат болудан қорыққаны бізге теріс те емес. Кім біледі, қолына қару берсе, орыс жұртына жау болып кетпесіне кімнің көзі жетеді? Онда ұлы Ресейдің жұрты кемиді, жері, елі азайып қалады. Қазақтың малы, елі, бұйымы басқа елдің пайдасына кетіп қалуы мүмкін. Әйтеуір қазақ өз алдына ел болып жатқан жоқ. Ендеше, орысқа бағынуы керек. Орысқа жақын арқа көзеу қыларлық қазаққа күшті жұрт жоқ. Ж.Айм.
