Асқан шеберлікті, қажыр-қайратты талап ететін, машақаты көп істі тындырды. ~ Сөйтіп жүргенде Ордабайдікінде Тұяқ
дейтін етікші жатты. «Кебіске Шегебайдан да бұл өткін екен: өкшені бес-ақ шегемен тұрғызады… Асауға құрық салса, тырп
етер емес, өкше сіріні тастай ғып, əшекейлеп тастайды. Тақаны қылмита мінеуге келгенде, жер жүзінде бұдан етікші
өтпес…» деп, қымызға жиылған құла ауыздардың ауыз суы құрып жүрді. Ж.Айм. ~ О, құдая, шай құйысының өзі сыңсыған
ән! Адамының қыры, қылығы, кездесуіне қарай шәугімнің құлағын ұстау да ту асауға құрық салар қайраттан қылау кемдігі
жоқ мөрлі өнер тәрізі. М.Қаб.
