Әлі жетпейтін іске талпынды, тыраштанды. ~ Ендi “шiркiн, бiр совхоздың агрономы болсам арманым болмас едi” дейтiн бұрынғы Айтуаров жоқ. Қолын аспандағы айға созады. Биiк-биiк креслоларда отырсам дейдi. Т.Сәу. ~ Солардың біріне мүсе тұтпай, аспандағы айға қол созып жүргенде тапқаны осы болғасын анасы байғұс қалай күймесін? Ә.Нұрп. ~ Шама-шарқыңды шамалай тұра аспандағы айға қол созатының-ай!.. Д.Рам. ~ Монша деген бейнеті желге кетер бос шаруа емес, әрбір отбасына, әр адамға қажет нәрсе. Қолынан келмес дүниені қиялдап, аспандағы айға қол созып тұрған жоқ қой. Ә.Асқ. ~ Бір жанжалшыл неме екен, — деді Ағанияз әмірші, — бар бақыты осы бір бес-алты носилка балықта тұрғандай, аспандағы айға қол созып кердеңдейді. — Тез байымақ шығар, — доңыз аттас азу тісін ақситып, кекесінмен күлді, — сенің атың кім? Ә.Сәр.
~ Сонда оқымағаны, білмегені жоқ Кирилов баяғыдан бері аспандағы айға құлаш созып ке
