Posted in

АСПАНДЫ ТАСТАП ЖІБЕР

Қолыңнан келетін жамандығыңды аяма, көріп алайық д.м.
~ Албан, Дулат жиылып бата берді, Бұзбайды жандарал да жарлығымды. Ашулансаң, аспанды тастап жібер. Сен де аянбай қимылда барлығыңды. Құлмамбет. ~ Ұлының мына қылығын біле қалса, ол аспанды тастап жіберуден тайынбайтын адам. Б.Соқ. ~ Табалап отыр деп ойлама. Некелі байымды табалап құтырып кеткен жоқпын, – әйелі теріс қарады. – Бірақ біліп қой, көзіне шөп салған байын қатыны еш уақытта кешірмейді. – Кешірмегенде, қара аспанды тастап жібере ме? Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *