Даңқын асырды; жерге сидырмай дәріптеді. ~ Көп көрісіп үйренісе алмай сырттан ынтыққан бала қиял Раушанды биікке, аспанға көтерді. Т.Ахт. ~ Сызды бұлттай еңсе басқан жылусыз, сұрқай тiрлiктен жерiп бiткенi қашан. Өз басы Үлкен Кiсiнi өлердей жақсы көредi, мақтаныш санап аспанға көтередi. Көзсiз махаббат. Не үшiн әулие тұтатынын өзi де түсiнбейдi. Т.Сәу. ~ Петрдей патша болсашы, – Матвей Степанович өз төсіндегі салт атты батыр суретіне қарап аз тұрды, – Россияның даңқы аспанға көтеріледі… Ә.Сәр.
