Posted in

АСПАН ТАҒЫСЫ

Бүркіт; қыран құс. ~ … түлкi қартаң тартқан, сырқынды ақшулан екен. Тұрғанбай айғай салып үркiте шауып, қия тастан тайдырып түсiрем десе де, адамнан гөрi найзалы аспан тағысынан көп жаулық тосқан ақшулан қашпай тұрып алды. М.Әу. ~ Талай заман ашығып, үрпиіп, құзды қуалай жоғары – төмен шүйіп сорғалап жүріп, аяғында жүгірген бір жемін екпіндеп келіп соғып жығып, тұяғына бүктеп басып сығымдап отырып, қораздана сілкінетін Алатаудың қарлы басын мекендеген аспан тағысы бар емес пе? М.Әу. ~ Аспан тағысы жер бетінде жүретін хайуанаттардай аса сақтықты қажет етпейді. Көмескі, жымысқы қатерге аңқау, албырт келеді. Ғ.Біл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *