Талқанын шығарды, ойран-топан қылды, бей-берекет етті. ~ Абай үйінде осы күн түнде қатты тінту болды. Бес кісі
жандармдар келіп, Құмаштың үйін астын үстіне шығарып, үш сағат тіміскіді. М.Әу. ~ Қапы соққан жоңғар шапқыншылығы бар
дүниенің астын үстіне шығарды. З.Шүк. ~ Екі дүркін жаһандық соғыс дүниені екі рет асты-үстіне шығарды. Ә.Кек. ~Дүниенің
астын үстіне шығаратын тағы бір зілзала қопарылыс туылғандай еді. Ғ.Біл. ~ Заман құбылмалы дейді қарттар. Құбыла келе
түрлі күйлер шығарды. Жұрттың астын үстіне келтірді, сұрапыл лайсаңда аяқ-бас, бас-аяқ болуға айналды. Б.Май. ~ Зым-зия
жоғалайын деп жоғалдым ба, мен бейбақ? Алапат соғыс шықты да, өмірдің астын үстіне келтірді, бірді бірге бытыстырды.
Б.Соқ. ~ Жылпылдақтардың күні туды, пышағын жалақтатып, көздерін алақтатып, иіс, қоңыс аңдып қанша қысып астын
үстіне айналдырса да, Омардың бит шаққандай хабарына бармады. Шашылмады. Жыпыл
