Posted in

АСЫЛ БЕЙНЕ

Жүрекке ыстық, аяулы, қымбат бейне. ~ Сейілбек артына бір қарамай әлдеқашан өтіп кеткен жастық шағының асыл бейнесі алдына келіп тұрғандай осы бір алдамшы сезімге құлай елігіп, елжіреп отырғанда арманда кеткен ақын досы Абдолланың жастық шаққа арнаған сиқырлы жыры ойына өрши кетті. С.Ом. ~ Атақтан, құштарлықтан, өмірден жеріп, Аттаған шақта ақырғы шектен, Үнсіздік еліне, жанымды жүдеткен Асыл бейнең бірге кетеді еріп. Серв. ~ Мейлі не қылса да еркі білсін, бірақ, әке-шешемнің асыл бейнелерімен ант етейін, ол маған соқыр тиыныма шейін санап беретін болады, әйтпесе атымды басқа қойыңдар, өз ата-анамның қызы болмай-ақ кетейін! Ф.Дост.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *