1. Мол; артығымен жетеді. ~ Үй анау, дүние-мүліктерің де бір бастарыңнан асып төгіледі. Мал анау, жылқыдан үйір салып, сиырдан перме ақшаларың келе ме енді. Қ.Ысқ. ~ Ал олай асып төгілмей-ақ ошағыңның басындағы қызыл қарындарды ырзалауға ғана жарап жатса да, мынау ұлан дүниеге келіп-кеткеніңнің бекер болмағаны. Ә.Кек.
2. Кемерінен асып кетті. ~ Тіпті бір кездері байлығы ернесінен асып төгіліп жататын Қожабергеннің қыздары болғанын бәрі де жадынан шығарып алғандай. О.Көш. ~ Штраустың вальстері Алматының ресторанына сыя ма? Москваның пәлен этажды националдарына сыймай асып төгілетін Штраустың толқынды өзені емес пе! Б.Бұл.
