Posted in

АСЫРА СІЛТЕДІ

Шамадан тыс кетті, шаш ал десе, бас алды, мөлшерін білмеді. ~ Соны көріп, тым асыра сілтеп, тым артық кетіп қалғанын сезіп, абдырап құты кетіп, баланы көтерген қалпы, сасқанынан бір айтқан сөзін міңгірлеп қайта қайталап, Зәрипадан алыстай берді. Ш.Айт. ~ Мұрат «осы адамды қайдан көрдім» деп өткен-кеткенді есіне түсіріп қарманып қалды. Бірақ есіне түсіре алмай, жауынгерге тіл қатты. – Асыра сілтеп алдың. Жұмыс уақытында баяндамас болар. Т.Ахт. ~ Қателессек те, асыра сілтесек те, асығып-аптығып ағат кетсек те, білместіктен бұра тартсақ та, інім, көш жүріп келе жатқан сайрақтан алыс кетпеген едік, мұратымыз да, мақсатымыз да, бет-бағдарымыз да дұрыс еді. Ілгері жылжып бара жаттық. Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *