Posted in

АС-СУЫН АЖЫРАТТЫ (АЙЫРДЫ)

Ішер тамағын тапты, күн көріс қамын жасады. ~ Қысқы азығымыз, аз ғана пішеніміз болатын. Өзімізде мал болмаса да, қыс ортасында әлді-малды ауылдардан күтімге арық-тұрағын алып барып жемшөп беріп, тым құрыса, ас-суымызды айырушы ек. Сұрау жоқ, келісу жоқ, келеді де бас салады жыл сайын. Бүгін осы қорлық еттен өтіп, сүйекке жеткен соң, бар жеті ауыл боп бірлесіп кеп, бағана наразылық айтып ек.  М.Әу. ~ Сабақтан соң қосымша жұмыс істеп ас-суыңды өзің де ажыратарсың. Шешеңе алаңдама. Б.Тоғ. ~ Әкем байлардың көшетін, қонатын жерлерін, құдық қораларын жаяу жүріп аралап көріп, күні бұрын хабарлап тұруымен ас-суын айырған. Шешем бай үйінің жібін иіріп, алаша-сырмағын тоқып, қазан-аяғын көтерісіп күнелткен. Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *