Posted in

АС ҚАЙЫРДЫ

Тамақтан кейін үлкендердің бата беруі. ~ Нан аралас ет қусырылып, табақтың арғы бетіне қашып барғанда, қарт еңсесін көтерді, орамалға екінші қайтара қол созды, ас қайырды… М.Қаб. ~ Жолдастарындай киіп-жарып кете алмай ортадағы қара самардан да оқшаулау отырып, Шерубай ас қайырғанда алдымен тұрды… Қ.Ысқ. ~ Ақсақал қонақтарды ас қайырылып, дастархан жиналған соң босатты. Ұзақ жол жүріп, ат соқты болып жеткен. Бәрі де демалыс тілеп отыр еді. З.Шүк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *