Posted in

АТАЙ КӨРМЕ!

Әлдебір пікірмен, ұсыныспен түбегейлі келіспеу. ~ Сол айтпақшы, қанша қарасаң да біздің үйдің сиқы осы. Дәмге ұяттымыз, шырақ. — Атай көрмеңіз, атай көрмеңіз! Ғ.Мұст. ~ Бар дәм болады ғой. – Атай көрме! Біздікіне келгесін малдың басын жемей, о не дегенің? Бір мал деппін-ау, өзің мұнда біраз күн жататын тығарсың? С.Мұқ. ~ «Кінәлі екен! Жоқ, жоқ, атай көрме!» деп қолын бір сілтеп, құдайына да, Қанатына да «сенсің, кінәлі» дегенді ішінен жолдап, Айкүміс адырында бір белдің басына шыққандай болған еді. Ғ.Сл. ~ Жоқ, пан офицер! Құдайым сақтасын, немісті атай көрмеңіз, полякпын… С.Ом. ~ Жо-жоқ! Атай көрме, ондай сұмдықты. Өмірдің маған сыйлаған ащысы онсыз да аз емес…” С.Дос.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *