Posted in

АТАМ ЗАМАННАН

Баяғыдан, о бастан. ~ Олар бір ауыл, бір бауыр ел еді. Атам заманнан бірінің жазуын бірі үйренген, есте жоқ ескі заманда екі ел де манғол тұқымынан өсіп- өрбіген. Ж.Айм. ~ Оның ішінде атам заманнан бергі майланып, тер иісі сасып тұрған бүктеме былғары күмәжник, бір жақ ернеуінде дәрет алғанда аузын шаятын жуан месуегі тұрады. М.Дәу. ~ Ертеңіне менің Ештайым қыстаудың қыр желкесіндегі атам заманнан бергі қорық боп жатқан тас қорым бейіттердің шет жағынан барып, біржола орналасты. К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *