Ірі денелі, теңкиген дәу. ~ Өзіне білте-білте шашы көзін жапқан, алкоголь мен наркотиктен бет-аузы күп болып іскен атан
өгіздей Преслиді көрсетсе ғой… Қайтсін енді. М.Қаб. ~ … сирақтарының қысқалығы болмаса, өзге денесінің үлкендігі атан
өгіздей теңбіл қара түсті қабан сыртқа ұмтылып, ретін тапса шыға қашатын еді… С.Мұқ. ~ Бастабында шошып қалсам
керек, біраздан кейін айналама қарасам, тұп-тура өкпе тұсымдағы қарсы бетте атан өгіздей өңкиіп тұрған
қоңыр аю біздерге аңқиған күйі қарап қалыпты. С.Ғабб.
