Әлдебір қуанышқа, бақытқа кенелді. ~ Атасында көрмегенді ботасында көрген Оспан аз күндік семіздікті көтере алмағандай ырғалып, ата қаздай қаздаңдай басады. О.Бөк. ~ Тәуелсіздік алған атажұртыңызға келіп жүрсіз. Сол туралы тілегіңізді, әсеріңізді айтыңыз! – деп арық қара қыз енді оралман шалдардан тезірек құтылғысы келіп, әлденеге асығып тұр. – Балам-ау! Той болғанда қандай! Атамызда көрмегенді, ботамызда көргендей болдық… Т.Рыс.
