Ата -бабасының ізгі қасиеттерін бойына сіңірді. ~ Тоқтат, өңшең шуылдақ! Әскербасы ақырып жіберді. — Бұрын соғыс көрмеп пе едіңдер? Жорық көрмеп пе едіңдер? Сонда үйде шаруам қалды, қатыным қалды деп қайсың айтушы едің?! Әлде ел шетінде шұбырып көшіп жүрген аз ғана тобырдан қорқамысыңдар? Атаға тартпай туған өңшең су жүрек! І.Ес. ~ Е– е, айналайын– ай, әлгі Керекеннің қаладағы баласы сен екенсің ғой. Болар, болар… Атаға тартып тусаң, осылай ту, қарағым. Бар екенсің ғой… Сүйенішім, сұлтанбегім. Қ.Жұм.
