Posted in

АТАҢА (АТАСЫНА) НАҒЫЛЕТ (НӘЛЕТ)

Қатты кейігенде айтылатын қарғыс, боқтау сөз. ~ Жылы үйге келген соң ғана арғы жағы жіби бастаған. Мұрнын тартып тастап, «атаңа нағылет сенің»,– деді нығарлап. М.Қан. ~ Атаңа нағылет Пірімқұлдың бізге қылғанын, өзіне қыл, бар! Келесінің ішінен қос нарын таңдап тұрып бөліп ал да айдап кел, менен туған ұл болсаң!” дейді. С.Ел. ~ Әй, атаңа нағылет! Ер ме десем, ез бе едің! М.Сүн. ~ Атаңа нәлет, қатынсыз күн де күн емес! Қ.Ысқ. ~ Бір ай болған жоқ әлі, осы атаңа нәлет інімді үйлендіргеніме, сонда бір сиыр, жеті уақ мал сойыппын. Қ.Түм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *