Posted in

АТА ДӘУЛЕТ

Ата-бабасынан жеткен байлық. ~ Қалмаққа барып жетіспейміз. Мал-дүниеден айрылармыз. Ата қоныс мекенінен ел ауған
деген оңай емес, ол үлкен апат, сұмдық. Ешкімнің де бар албанды сыйғызатын жері жоқ. Алдымен қыруар малмен өзіміз
сыймаймыз. Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында ата дәулет, қан қазына шашылып, төгіліп кеткелі отыр. Осы ақылға
қон, тоқтат мынау елді. М.Әу.~ Әрі Самарқанның өмірі, әрі бес сардар Жалаңтөс заманында көршілес
елдерге ханнан бетер қадірлі болған кісі дейді. Оған сыйлыққа келген тарту-таралғының өзі ханнан
туып болған небір алтын сүйекті, асыл текті төрелердің ата дәулетінен асып түскен көрінеді. Шектен
асқан батыр шектен асқан жомарт та болыпты. Ә.Кек. ~ Алтыатаның елдестері, жерлестері батырдың жыйған-
тергенін жылан жалағандай етіп таратып әкетіпті. Осы күнгі сыйлы кісі көз жұмса соңында қалған ұл-қыздары ата дәулетін
қолма-қол бөлісіп әкететіні сол с

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *