Posted in

АТОЙ БЕРДІ (САЛДЫ)

Ұрандады; рух көтерді.~ Суы қара барқынданып, жауырынын күжірейтіп, көк ала сең
арқалап, езуінен көбігі бұрқырап, екпіні үй жыққандай долы Ертіс. Әне бір сендер иін
тіресіп, үзеңгі қатысып келеді. Оның ар жағында аңдағайлаған жеке қара сендер атой беріп
зымырап барады, біріне-бірі мінгескендей үйдей шомбал кесек мұз майдандағы даулескер
батырдай, жолдағыларды кеудемен соғып, соныдан жол салады. Ж.Айм. ~ Қырық құбылған
қоқыс материяның қырқылжың хикматтарына мәңгі бақи өз қалпында тұрғысы келетін
Адамдық Рух атой салып қарсы шығады. Ә.Кек. ~ Ол бебеулеген қыл ішекке бірде қиғаштай,
бірде туралап атой салса, тағы бірде секеңдеп әткеншек тебеді… О.Сәр. ~ Қуаныштан атой
салған Жүсіптің жүрегі атша тулады: «Сүйеді! Сүйеді! Сүймесе, неге сүйгізеді?» Б.Нұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *