Алға аттамады, қасарысып тұрып алды. ~ Жәкең алдынғы күні астық іздеп кеткен. Кеше кештен бері балалар қорқып, ол жаққа аттап баспады. Қ.Шаб. ~ Совхоз орталығына көшіп, қазынаның дайын үйіне барып кіріп алайық десек, әкесі аяғын аттап баспайды. О.Сәр. ~ Әйтеуір қытай секратар алғашқы тостағанға толтыра құйылған шарапты тоқтатпай Көпжасардаың өзімен тайталастыра қағып салды. Бірақ Қанат, өмірі аузына алмағанын айтып, зырылдап тұрып алған соң, секратар да қайтып ақ араққа аттап баспады. Т.Рыс.
