1. Атты тізгіндемей, еркін шабысқа жіберді. ~ Сүт пісірім уақыт шоқырақтап отырды да, Қоймырет жарығының тұсына келгенде, тағы да аттың басын қоя берді. Т.Әбд. ~ Үзеңгіге аяғы тисе, тасырлатып ала жөнелетін кей әулекі секілді шал да ауылдан шықпай жатып-ақ аттың басын қоя берген. Қ.Най.
2. Өзін-өзі тежей алмады, көңілі қалаған іске салынып кетті. ~ Тұрар ауылда жүргенде де араққа ары кет емес болатын. Бірақ ондағылардың бәрі таныс, «ойбай, пәленшенің баласы сөйтіп жүр» дегеннен қаймығып, салынып ішуден аяқ тартатын. «Өзі жылауық бала еді, ит қапқан соң не сорым» демекші, қалаға келіп, еркіндікке күмп ете қалған соң аттың басын қоя берген. Әуелгіде радиацияға ем болады екен деп, өзін алдарқатты. Т.Сәу. ~ Әке мен бала арасындағы жаңағы бірер сөзден кейін Зүбәйда аттың басын қоя берді: аңырап ала жөнелді. Шертайды жас күнінде бауырына салып баққан екен. Бәйбіше ертерек қайтыс болған. Ш.Мұ
