Қиын жағдайда, аласапыран қарбаласта; көшіп-қонып жүріп.
~ Аттың жалы, түйенің қомында жүріп-ақ ақтарып тастаған
толғаныстарының өзі – ауызша поэзияның адам рухын асқарға шығаратын ұлттыық асылдарымыз емес пе?! Б.Ыб. ~ Жоқ, аттың жалы, түйенің қомында мен саған жауап бере алмаймын. Одан да үйге қайтайық. Бip талай уақыт болып кетті. Түнде жөндеп ұйықтай алмадым. Қош! Б.Соқ.
