Өте көп, шаш етектен. ~ Қасында бір кішірек бала бар, бұрыштан Жәкім шықты, қолында шиыршықтап ұстаған қағазы бар. Жасы он тоғыз, жиырмаға келіп қалған қыз ғой. Ол туралы өсек аттың қара қапталынан. Бозбаламен жүрем деп сабаққа ере алмай, бір орыс үшітелінен даярланып жүр деп естігем. Ж.Айм. ~ Айтпа! Қырсығы аттың қара қапталынан. Оның қырсығының қасында сендер менің көткеншектігіме жылап көрісесіңдер. Әй, бала… қазаның қайнамай қалды, от салып қой. Ә.Нұрп.
