Posted in

АТЫМНЫҢ СЫРЫ ӨЗІМЕ МӘЛІМ

Әркім өз мінезін, кемшілігін, сырын өзі жақсы біледі д.м. ~ Бұлар қайда кетті деп, азырақ тосып тұрдық. Атымның сыры өзіме мәлім дегендей, ішіме сезікті ойлар кіре бастады. Б.Соқ. ~ Не дейін?! «Жылама, Ештай, ол кісі де жақсы кісі ғой» дегім келеді. Бірақ енді менің жағым шындап қарысты. Үнім шығар емес. Менің шақшадай басымда да мұңның бұлты торлап алды. Өз «қасіретім» өзіме мәлім. К.Сег. ~ Назырхан, баяғы шалымды айтам да, от алып, ораққа түскендей өткір жігіт еді. Қыз– келіншектерге де жолы болғыш серілігі бар болатын. Отағасының сыры өзіме мәлім ғой… Ә.Асқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *