Көз ілеспес жылдамдық туралы. ~ Қадырдың белі садақтай бүгілді, аттың жалына жата қалды. Аты ыршып, қайыстай созылып, желдей есіліп, шөпке жабысып, көсіліп сала берді. Таудың үңгіріне қарай атқан оқтай зымырап, Қадыр көзден ғайып болды. Ж.Айм. ~ Апырай, өмір дегенің атқан оқтай өте шығыпты- ау! – деп, Қалиасқар таңданғандай басын шайқады. Ә.Асқ. ~ Соған іле-шала ұзаққа ұша алатын катюшалар атқан оқтай зуылдайды. Т.Рыс.
