Posted in

АТҚА ЖЕҢІЛ, ТАЙҒА ШАҚ

Анда-мұнда жұмсағанға оңтайлы, елгезек бала. ~ Әрине, мүлде шектен шықпау керек. Ал, мұның содан шығып кеткен жағдайы болды. Обал-ау, демеді. Қайта қыбы қанды. Қайсыбірде «атқа жеңіл, тайға шақ» Оразбекті алып, төмендегі теміржол станциясынан қат темір жабдықтар іздеп барған. Н.Дәу. ~ Жалпы ол сен үшін әжептеуір кісі болғанымен, мен үшін барып кел, шауып келдің атқа жеңіл, тайға шақ баласы ғана, – деп бірінші орнынан тұрды. – Демек керек. Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *