Жұмсауға ыңғайлы, елгезек, елпілдек адам туралы. ~ Л ә з з ат. Қабарыңды тек сыртыңнан естіп жатырмыз. Мықты ғалым болып алдың. Ылғи шетелге қызметке жібереді сені. Қ у а н т а й. Ол мықтылықтан емес, Ләззат. Өзге ғалымдардың семьясы, бала-шағалары бар. Мен болсам атқа жеңіл құбаша. (Пауза.) Т.Ахт. ~ Бұндайда, әдетте сөзді іштеріндегі атқа жеңіл құбаша бастайды, қалғандары ішін алдырмай, сызды қалпын сақтап бағады … Ә.Нұрп. ~ Бұрыннан да жұмсай қоюға «атқа жеңіл құбаша» Таңқыбай болыстық қосшыкомның тура оң қолы сияқтанып кетті: қосшы мүшелерін жинау оның басыбайлы сыбағасы, ал керек жерінде уезге шаптырып алуға бүтін болып қол астынан Таңқыбайдан қолайлы жанды іздесе де таппас еді. Х.Ес. ~ Ол түмен басыларына белгі берді. Бұның шетінен атқа жеңіл, құбашап жеңіл қолы артынып-тартынған ауыр қолдың сол қанатына тосыннан лап қойды. Ауыр қол талтайып-талтайып тұра қалды. Ә. Кек. ~ Тап
