Posted in

АТ (АТТЫҢ) ҚҰЛАҒЫНДА ОЙНАЙДЫ

Атты еркінше билеп-төстейтін, шабандоз. ~ Қазақтың бес жасар баласы ат құлағында ойнауды ешбір мектептен оқыған жоқ. Тұрмыс үйретті. Техниканы да тұрмыс солай үйретеді. Ғ.Мұст. ~ Алайда, ат құлағында ойнайтын, сілтеген сойылы мен шапқан қылышы, атқан оғы мүлт кетпейтін епті де ержүрек қазақтарды жер бетінен жойып жіберу мүмкін болмапты. С.Дос. ~ Қалада қалам деген сөзің бір есептен жөн сияқты, бірақ көңіліңе келмесін, сен аттың құлағында ойнайтын ер азамат емессің, төмен етекті әйелсің, мына заманның ыңғайы белгісіз, жел оңынан тұра ма, солынан тұра ма? С.Мұқ. ~ Нұреке, мына атыңыз көшеге жегуге жайлы болмас. Өйткені, бұған аттың құлағында ойнайтын мықты кісі керек қой, — деп едім. С.Бег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *