Posted in

АТ АЯҒЫ ЖЕТЕР ЖЕР

Маңайдағы хабар жететіндей аумақтағы ел. ~ Сонысымен айналасына қолөнері мәлім болып, ат аяғы жетер жер тегіс құлақтанған кезде, қалап әкетушілер де табыла бастаған. Ү.Жлк. ~ Маусымды жұмысқа адам жалдау, шұрайлы пішендік жерлерді арзан бағамен молырақ қамтып алу мақсатымен Бойков қатарлас әккі қулар ат аяғы жетер жердегі қазақ ауылдарына барып, ерте бастан сөйлесіп жатқан көрінеді. С.Ом. ~ Ауыл арасын алыс демей, ағайын– туғандары, Қаратайдың ат аяғы жетер жердегі ақсақал, қарасақалдары мен жорық дәмін бірге татқан көңілдес жігіттер түгелдей кеп көңіл сұраған. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *