Posted in

АТ ЖАЛЫН ТАРТЫП МІНДІ

Жігіт болып, атқа қонды. ~ Жылқайдар он бес жаста ат жалын тартып мініпті. З.Шүк. ~ … Едiл бойлаған қалың қалмақтан әке кегiн қайырғылары келдi ме, әйтеуiр екеуi де ат жалын тартып мiнгелi Едiлге қарап есiнейтiндi шығарды. К.Сег. ~ … жауға шаба алар қай-қайсысы да ат жалын тартып мініп, қолына найза ұстағаннан, «Е, құдай, сол тілекті бере көр!» десетін-ді. Н.Дәу. ~ Өлең дегеніміз – ат жалын тартып мінуге жараған азамат ұлын баса көктеп, басып жаншып кетуге ұмтылған жауға қарсы қанды жорыққа аттандырарда Аллаға жалбарынған әкенің ақ тілегі … Ғ.Біл. ~ Ертегіге әуестігі ат жалын тартып мінген шағында ел аузындағы аңыз – әңгімеге деген құштарлыққа ауысты. Е.Бақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *