Үйдей болып, үйіліп-төгіліп (жатыр). ~ Күндіз де қолына шам ұстап кіретін тастай қараңғы складтың бір басында ат–көпір боп үйіліп жатқан ескі киімдерді аударыстырып жүріп бойына шақтап шинель алды. Ә.Нұрп. ~ … бірінің жазғанынан бірі айнымайтын, оқыған бойда– ақ ұмытылып, артынша ат көпір боп аяқ астында шашылып қалатын сарғыш газеттердегі қан – сөлсіз мақалаларға ұқсап кетпей ме? Қ.Жиен. ~ … сосын ат көпір болып шашылып жатқан шөпті жинап, қымтағансымақ боласың да, атқа жайдақ мінесің… О.Бөк.
