1. Біреудің алдында ат ойнақтатып, адуындады. ~ Былайғы жұрт: «Әруақтардың төбесіне ат ойнатып бұл қай сұмдық, – десіп жағаларын ұстайды. – Құдайдан қорыққандарын қойған ба, бұлар?» Н.Дәу. ~ Төке, мен күйіп тұрмын. Бәйділда ауылға келіп, шаңырағыма ат ойнатады. Онысы аз болғандай, үйінде жатып, атамды тағы боқтайды. Не істеймін енді? З.Шүк. ~ Қолы сондай қатты еді, балалармен не болса, соған төбелесе кететін тентектігі ат ойнатып шыға келді. Дж. Сэл.
2. Озбырлық қылды; күш көрсетті. ~ Ертеңiнде қайдан жиылғаны белгiсiз, иықтарына сойыл салып, осы жатақтың құрымын шауып алатындай боп, жүздеген қара шоқпар келiптi. Ат ойнатып, Дәркембайдың өзiн сабарман болып, ұстап алған жылқыларын қуып алып кеткен. М.Әу. ~ Барымтаның жөні басқа, есесі кеткен жерде, мейлі ол текежәуміт түрікпен болсын,мейлі көрші ағайынның бірі болсын, – қазақ айырып жатпайды, барады да жылқысын қуады. Бірақ, ауыл үст
