Posted in

АТ САБЫЛТТЫ

Әуре қылған әрі-бері жүріс туралы. ~ Осындай мамыражайда кiсi шалқайып төрiнде тыныш жатпас па! Мұның осыншама ат сабылтқаны несi? Жоқ, бұл жай жүрiс емес! Неде болса келсiн! М .Әбд. ~ Р.Бердібай елі үшін еңбек етіп, ұлтын ұлықтау үшін бар ғұмырын сарп еткен тұлға дегенді тағы бір айта кеткім келіп отыр. … Жалпы қазаққа ортақ жұмыстар мен тұлғаларды зерттеу өз алдына, тіпті Балқаштан Балқанға дейінгі түркілерді түгендеуге ат сабылтты. Ә.Әуел. ~ Жол ұзақ жортуылда ат сабылтты,. Оранып күн де батты ақша бұлтты. Ай еркін көк жүзінде көлеңкесіз,. Қайтсін ол хандығыңды, патшалықты?! Х.Ерғ. ~ Тек қашанда болмасын өзінің алтын сағасына қайта таласа оралады. Бұған әріге ат сабылтпай-ақ кеңестік кезеңді еске алсақ та жеткілікті. С.Баяз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *