Көмегін берді, әлдебір іске қолқабыс қылды. ~ – Сен өзің табарышсың… өзің жаңа пікірлі болам… Əйелдің
теңдігіне ат салысам деп жүрген жігіттің бірісің… Осы істеп отырған жұмысың өзіңе лайық па? Ойлашы. Ж.Айм.
~ Қысылғанда қасынан табылып, қиыннан жол тауып берген Демежанға разы боп қалған сыңайы бар. – Сенін өкімет пен халық
арасына осындай дәнекер болып, бұзыла жаздаған дүниені қайта түзеуге ат салысқан еңбегің әрқашан есте болады, – деді Ши- амбы
қарттарға тән мінезбен, кәдімгідей көңілі босап. Қ.Жұм.
