Posted in

АТ САУЫРЫНА САЛДЫ

Әйел баласын еркінен тыс, олжа ретінде алып кету туралы. ~ Қамбар қолы дәл қазiр Алдияр аулына жетiп, ер- азаматын жер, қатын- баласын қор қылып жатқандай, әсiресе қиянатқа қимас қайран Шәйлiнi ат сауырына салып, олжа ғып, әкеле жатқандай көрiнген. К.Сег. ~ Бұл жолғы келген сол Бегедайдың қолы екен. Сұмдық хабарды естіген заман Әрін өз басын сауғалап қашып жоғалыпты да, бастарын қосуға мұрсат таба алмаған ауыл азаматтарын Бегедай қолы тоз-топалаңын шығарып, берекесін қашырып, тып-типыл ғып жайпап салыпты. Иесіз қалған қалың малды мыңғыртып айдап, өңі түзу қыз-келіншектерді де ат сауырына салып ала кетіпті. Ж.Сәм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *