Өте кең, үлкен, бірталай алыс д.м. қашықтық, кеңдік өлшемі. ~ — Шолпаннан асыра қуып кетіпті, жер болса қалың
қар, оны қуғанда, мен қай жерге дейін шаппақпын?! Кем қойса, Ералыңа қуып жетермін. Сондай ат шаптырым жерге
қалың киіммен қыстыгүні шапқылаудың өзі бір жаза ғой! М.Әу. ~ Жайдары күлкi, емен-жарқын әзiл-оспақпен ию-қию
боп жататын ат шаптырым цехтiң iшiн тек станоктың бiр қалыпты сартылы кернеген. Т.Сәу. ~ Әкімнің қонақ бөлмесі
ат шаптырым кең екен. Содан ба, келген қонақтар кең бөлмеде қадау- қадау шашырап кетіпті. Ә.Асқ. ~ Бүгінде о шеті
мен бұ шеті ат шаптырымдай боп далиып жатқан осы «Кемер шидегі» біздің ағайынды бір суық хабар дүр еткізді.
Қ.Мұх.
